Сбербанк

Дата публикации: 14.01.2022 03:49

Обновлено: 14.01.2022 03:51

Сбер Алматыны қалпына келтіруге көмектеседі

Бөлінген қаражат жарты миллиард теңгеден астам соманы құрайды.

Сбер Алматыны қалпына келтіруге көмектеседі

Бөлінген қаражат жарты миллиард теңгеден астам соманы құрайды.

Осындай қиын шақта Алматыны қалпына келтіру және қалаға көрік беру үшін көрсетілетін кез келген көмек пен қолдау өте маңызды. Әрқайсымыз бір кісідей атсалыссақ, бұл сынақты бірге еңсереміз, өмірімізді жақсартамыз. Біздің күшіміз бірлікте. 

Сбер қалаға көмек ретінде 550 миллион теңге бөлді.

12 қаңтарда Алматыға су жаңа 10 реанимобиль сыйға берілді, орын алған тәртіпсіздіктердің салдарынан бірнеше жедел жәрдем көлігінің жойылғанын ескерсек, бұл көліктер қаламызға  өте қажет. Заманауи реанимобильдер барлық қажетті медициналық құралдармен жабдықталған, атап айтқанда, дефибрилляторлар, жүрек қағысын тексеретін толық жүйе, пульсоксиметрлер, тасымалдауға қолайлы тыныс алу аппараттары, оттегі баллондары. Сондай-ақ Банк Ұлттық кітапхана мен Республикамыздың мемлекеттік орталық мұражай ғимаратын жөндеп, қалыпты жағдайына келтіреді. 

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қаланың біртіндеп бұрынғы өміріне оралғанын және орын алған оқиғадан кейін қалпына келтіру жұмыстарының жүргізіліп жатқанын айтты.

«Біз қазақстандықтардың қиын кезеңде ұйымшылдық көрсетіп, жұмылған жұдырықтай әрекет ете алатынына тағы да көз жеткіздік. Алматылықтарға тәртіпсіздік кезінде сабырлылық пен батылдық танытқандары үшін және бізге көрсеткен көмектеріңіз үшін алғыс айтамын» - деді Б. Сағынтаев. 

Сондай-ақ қала әкімі зардап шеккен салаларды қалпына келтіруге, соның ішінде дансаулық сақтау саласына ірі бизнес және қаржы институттарының қолдау көрсетіп жатқанын ерекше алғыспен айтты.

«Алматы қиын кезеңді басынан өткізуде. Қазіргі уақытта басты ортақ мақсатымыз – туған қаламыздың бұрынғы келбетін қайтару. Біз осы бір маңызды іске өз үлесімізді қосқымыз келеді. Бүгін біз Алматы әкімдігіне алдыңғы қатарлы медициналық құралмен жабдықталған 10 жедел жәрдем көлігін табыстаймыз. Сондай-ақ Ұлттық кітапхана мен ҚР Орталық мемлекеттік мұражайын өз күшімізбен қайта қалпына келтіреміз деп шештік. 

Біріге жұмылсақ, қираған нысандарды жылдам қалпына келтіріп қана қоймай, бұрынғыдан да күштірек боламыз деген сенімдемін» - деді «Сбербанк» АҚ ЕБ Басқарма Төрағасы Елдар Теңізбаев.

Бүгінде Сбер Банктің бөлімшелері мен банкоматтары еліміздің барлық аймақтарында штаттық тәртіпте жұмыс істейді. Несиелеуді қосқанда, клиенттерге барлық қызметтер қолжетімді. 

Писали по этой теме

Сбербанк планирует продать свою казахстанскую «дочку» холдингу Байтерек

Сбербанк России ведет переговоры о продаже своей казахстанской «дочки» национальному холдингу «Байтерек».

23.06.2022 09:46

Известная группа хакеров Anonymous взломала Сбербанк и опубликовала украденные данные в Twitter

Хакеры Anonymous взломали Сбербанк: похищенные данные опубликованы в Twitter, сообщает PSM.

20.05.2022 06:34

Сбербанк Казахстана продолжит работать в штатном режиме до 12 июля текущего года

Сбербанк и Агентство по регулированию и развитию финансового рынка Казахстана опубликовали совместное заявление.

14.04.2022 06:18

Мобильные приложения Сбербанка перестали быть доступны в Google Play

США 6 апреля 2022 года ввели в отношении Сбербанка блокирующие санкции.

13.04.2022 07:59

CберБанк Казахстан продолжает работать в штатном режиме

Клиентам CберБанка Казахстан доступны все сервисы и услуги в полном объёме.

28.02.2022 06:37

Сбер Банк запустил онлайн кредитование на покупку автомобилей у физлиц

С 3 февраля получить решение на покупку машины в кредит у физического лица можно не выходя из дома.

4.02.2022 08:01

Сбер признали сильнейшим брендом в Европе

Междунaродное рейтингoвое агентство Brand Finance признaло Сбер сильнейшим брeндом Европы.

26.01.2022 10:01

Сбер Алматыны қалпына келтіруге көмектеседі

Бөлінген қаражат жарты миллиард теңгеден астам соманы құрайды.

14.01.2022 03:49