Казахстан

Дата публикации: 2.05.2023 11:41

Қазақстанда Visa Everywhere Initiative – финтех-стартаптарға арналған жаһандық инновациялық конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау басталды

Visa Everywhere Initiative стартаптарға төлемдер мен коммерция саласындағы ең өзекті міндеттерді шешуге мүмкіндік береді.

Қазақстанда Visa Everywhere Initiative – финтех-стартаптарға арналған жаһандық инновациялық конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау басталды

Visa Everywhere Initiative стартаптарға төлемдер мен коммерция саласындағы ең өзекті міндеттерді шешуге мүмкіндік береді.

Қазақстанда Visa Everywhere Initiative 2023 (VEI) – ашық инновациялардың жаһандық конкурсына қатысуға өтінімдерді қабылдау басталды, оның барысында стартаптар төлемдер мен коммерция саласындағы болашақтың міндеттерін шешуге арналған өздерінің озық өнімдерін ұсынады. Өтінімдерді қабылдау 14 мамырға дейін сайтында жалғасады.

Ақшалай жүлделермен қатар, VEI жеңімпаздарына Visa әріптестерінің банк, сауда, венчурлық және мемлекеттік салаларындағы кең көлемді желісіне қолжетімділік ұсынылады. Сондай-ақ жеңімпаздарға ең сенімді әрі құнды жаһандық брендтердің бірінен танылуға мүмкіндік беріледі.

Орталық және Шығыс Еуропа, Таяу Шығыс және Африка (CEMEA) өңіріндегі іріктеу финалы 27 шілде күні тікелей эфирде TechCrunch сайтында – технологиялық сала мен стартаптардың экожүйесіне маманданатын жетекші онлайн-басылымда көрсетілетін болады. Конкурстың өңірлік кезеңінде жеңіске жеткен стартап 19 қыркүйек күні Сан-Франциско қаласында (АҚШ) TechCrunch Disrupt конференциясында өткізілетін жаһандық финалға қатысады.

Биылғы жылы конкурста CEMEA өңірінде алғаш рет қауіпсіздік және тәуекелдерді басқару саласындағы марапат табысталатын болады – Fintechs Innovating in Risk Excellence, немесе FIIRE сыйлығы. Emirates NBD әріптестігімен бірлесе отырып, Visa арнайы номинация аясында алаяқтыққа қарсы іс-қимыл, киберқауіпсіздік және несиелік тәуекелдерді басқару сияқты салаларда жаһандық финтех-ойыншыларды іздестіреді. Visa және Emirates NBD өкілдерінің бірлескен бағалауынан кейін жеңімпаз жоба 25 000 АҚШ доллары көлемінде жүлдеге ие болып, өңірдің жетекші банкі – Emirates NBD банкімен жұмыс істеуге мүмкіндік алады.

«Visa Everywhere Initiative байқауы – бұл финтех-компанияларға және кәсіпкерлерге төлемдер мен коммерция саласындағы ең жаңашыл әрі тиімді шешімдерді ұсынуға мүмкіндік беретін платформа, - деп атап өтті Кристина Дорош, Орталық Азия елдері мен Әзірбайжандағы Visa өңірлік менеджері. — Финтехтердің әлеуеті орасан зор: жоғары технологиялық инновациялық шешімдердің арқасында олар жұмыс істейтін нарықта кең әлеуметтік артықшылықтарды беруге қабілетті, әсіресе дәстүрлі түрде қаржылық қызметтермен жеткілікті деңгейде қамтамасыз етілмегендерге қаржылық қызметтерді ұсыну туралы сөз қозғалған жағдайда. Біз Visa компаниясында цифрлық экономикаға қолжетімділік әділ және инклюзивті өсуге жәрдемдеседі деп, ал VEI байқауы бұл бағытта жетекші рөл атқаратын жаңашылдарды қолдаудың маңызды құралы болып табылады деп санаймыз». 

2015 жылы VEI байқауы іске қосылған күннен бастап 100-ден аса елдің компаниялары 16 миллиард АҚШ долларынан астам көлемде қаржыландыру алған, сондай-ақ бүкіл әлемнен 12 000-дай стартаптарды қамтитын комьюнити құрылды. Былтырғы жылы бес өңірден 4 000-нан аса стартаптар қатысқан байқау барысында 530 000-нан астам АҚШ доллары көлемінде жүлде қоры бөлінген болатын. VEI 2022 байқауының жеңімпазы ThriveAgric нигериялық компаниясы 100 000 АҚШ доллары көлеміндегі VEI Global басты жүлдесін, сондай-ақ 20 000 АҚШ доллары көлемінде Visa Direct арнайы жүлдесін алған еді.

VEI кез-келген ауқымдағы және саладағы бизнестер үшін төлемдер мен коммерция саласындағы шешімдерді ұсына отырып, жергілікті қауымдастықтардың мүмкіндіктерін кеңейтетін өршіл инноватор-кәсіпкерлерді іздейді, оның ішінде:

Біз қандай жобаларды іздейміз

Цифрлық қызметтерді ұсыну құралдары және цифрлық эмитенттер

  • Блокчейн және криптовалюталар
  • Краудфандинг
  • Банкинг қызмет ретінде (BaaS)
  • BIN демеушілері
  • Эмитенттер/процессорлар
  • Бағдарламалық менеджерлер

Цифрлық эмиссия

  • Блокчейн және криптовалюталар
  • Несиелеудің баламалы нысандары
  • Жеке қаржыларды басқару
  • Ақшалай аударымдар
  • Цифрлық банкинг (необанктер)
  • Цифрлық әмияндар, P2P-төлемдер және аударымдар
  • Қызметкерлерге арналған бонустар
  • Несиелік берешек
  • Корпоративтік карталар (шығындарды басқару)

Қаржы саласындағы сатушыларға және/немесе тұтынушыларға арналған қосымша функциялар

  • Деректер және талдама
  • Идентификациялау, аутентификациялау және қауіпсіздік
  • Сақтандыру аясындағы технологиялар (InsurTech)
  • Бейілділік бағдарламалары
  • Сауда сервистері және инструменттері
  • Төлемдерді өңдеуге және өткізуге арналған инфрақұрылым
  • Бөлшек сауда
  • Басқалар

Шағын және орта бизнесті қалпына келтіру

  • Ақша қозғалысы (ақшалай төлемдер, ішкі аударымдар (Intra-account), P2P жеткізушісі және төлемдер)
  • Цифрлық төлемдерді қабылдауға дайындық (электрондық коммерция және смартфонның көмегімен төлемдерді қабылдау)
  • Тәуекелдерді басқару (ақшаны қайтару және т.б.)
  • Бренд-менеджмент (қауымдастықтарды басқару және т.б.)
  • Басқалар

2023 жылғы жаңа санаттар:

  • Экология және тұрақты даму аясындағы финтехтер
  • Тәуекелдерді басқару
  • Қалалық ұтқырлық

2023 жылғы өңірлік жүлделер

  • VEI CEMEA Regionals бірінші орны: 20 000 АҚШ доллары
  • VEI CEMEA Regionals көрермендер көзайымы жүлдесі: 10 000 АҚШ доллары
  • VEI CEMEA Regionals тәуекелдерді басқару саласындағы арнайы аталым жеңімпазы: 25 000 АҚШ доллары

Жаһандық финалдың марапаттары мен ақшалай жүлделері

  • VEI Global абсолютті жеңімпазы: 50 000 АҚШ доллары
  • VEI Global көрермендер көзайымы жүлдесі: 10 000 АҚШ доллары
  • VEI Global – Visa Direct: 10 000 АҚШ доллары
  • Сонымен қатар, барлық 5 финалист TechCrunch Disrupt конференциясында Expo Hall фирмалық павильонында өз компанияларын ұсына алады.

Абсолютті жеңімпаз да, Visa Direct аталымындағы жеңімпаз да көрермендер көзайымы жүлдесінен үміттене алады.

Қазақстанда қатысуға өтінімдерді берудің соңғы мерзімі – 14 мамыр.

Visa Everywhere Initiative туралы толығырақ ақпарат біздің сайтымызда қолжетімді.

Фото: rozetked.me

Писали по этой теме

Казахстанские банки обязаны блокировать удаленное обслуживание клиентов в случае нарушения безопасности

Казахстан принял строгие меры по повышению безопасности банковского сектора, особенно в отношении услуг дистанционного банкинга

24.08.2024 05:24

Онлайн-кредиты и биометрическая идентификация

Казахстан недавно ужесточил правила выдачи онлайн-кредитов, введя обязательную биометрическую идентификацию для всех заемщиков

24.08.2024 05:03

Национальный банк Казахстана претерпел значительные реформы, направленные на улучшение контроля за экономическими операциями

Казахстан сделал значительный шаг в борьбе с коррупцией и незаконным переводом активов, создав Комитет по возврату активов при Генеральной прокуратуре

23.08.2024 09:14

Казахстан экспортирует молочные продукты в Южную Корею и конину в Японию

Казахстан в последние годы диверсифицировал свой экспортный портфель, отправляя разнообразные продукты на международные рынки

20.08.2024 07:10

В столице Казахстана откроется центральноазиатский офис Euronews

Euronews, ведущая европейская телевизионная новостная сеть, расширяет свое присутствие в Центральной Азии, открывая новый офис в Астане

20.08.2024 06:51

Президент Токаев провел совещание с членами правительства по экономической ситуации страны

Президент созвал в президентской резиденции Акорда важное совещание, чтобы обсудить социально-экономическое развитие страны и прогнозы правительства на среднесрочную перспективу

16.08.2024 13:38

Казахстан и Узбекистан подготовили программу стратегического партнерства до 2034 года

Казахстан и Узбекистан недавно предприняли значительные шаги по углублению своих двусторонних отношений

16.08.2024 12:08

ОПЕК снизила прогноз роста мирового спроса на нефть

ОПЕК снизила прогноз роста мирового спроса на нефть на 2024 год, теперь ожидая увеличение на 2,11 млн баррелей в сутки, что ниже ранее прогнозируемых 2,25 млн

15.08.2024 15:18

Значительные события недели с 5 августа в Казахстане

Мегапроекты Самрук-Казына на сумму 111 миллиардов долларов.

9.08.2024 10:11

Нефть опускается до нового семимесячного минимума, поскольку обвал акций углубляется

В июле 2024 года цены на нефть упали до самого низкого уровня за семь месяцев, поскольку более широкая распродажа на финансовом рынке продолжала оказывать давление на цены

5.08.2024 11:02

Казахстан и Конго Укрепляют Торгово-Экономическое Сотрудничество

В июне 2024 года Казахстан и Конго подтвердили свою приверженность развитию торгово-экономических связей, а вчера президенты двух стран уже встретились в столице Казахстана

3.08.2024 11:17

Международная Выставка Электроники и Бытовой Техники в Алматы

С 30 июля по 1 августа 2024 года в Алматы прошла выставка HomeTech & Electra 2024, организованная компанией World Silk Way

2.08.2024 16:28